Атырау халықаралық әуежайында әйел адамға абайсызда оқ атып жаралаған полиция сержанты Б.М Мәмбетияров жұмыстан босатылды
Фото: inform.kz
ERNUR.KZ Атырау халықаралық әуежайында әйел адамға абайсызда оқ атып жіберген полицей ішкі істер органдарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қаруды абайсыз қолдану фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, соның нәтижесінде полиция сержанты Б.М. Мамбетияров полиция қызметкері атағының беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшысы атқарып отырған лауазымынан босатылып, басқа да бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтада өткен брифингте Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов айтты.
"Мен Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығына зардап шеккен Наталья Дажукке қажетті көмек көрсетуге тапсырма бердім", - деді Қабылов.
Қазіргі уақытта Дажуктың жағдайы қанағаттанарлық және ол бүгін ауруханадан шығарылады.