Балабақша карантинге жабылды.
ERNUR.KZ. Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды. Ата-аналар болса, балабақша басшылары бұл жағдайды жасыруға тырысқан деп отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Мұндай жағдай бөбекжай балалардан флюорографиядан өтуді сұрағаннан кейін белгілі болған. Ал білім басқармасының өкілдері тәрбиешінің диагнозы тек 3-інші қаңтарда расталғанын хабарлады.
Қазір балабақша карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.