Оқиға былтырғы 25 маусымда болған.
Фото: atpress.kz
ERNUR.KZ. Атырауда былтыр Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлаған еді. Ауыр дене жарақатын алған жасөспірім аурухана көз жұмды, деп жазады inform.kz.
Оқиға былтырғы 25 маусымда болған. Сол күні кешкі сағат 21:40 шамасында басталған жаңбырдың соңы нөсерге ұласқан. Жеңіс саябағына серуендеуге келген бір отбасының 2 баласы ескерткіштің артын паналаған.
Сол кезде ескерткіш құлап, 7 жасар қызды басып қалған. Ал оның қасында болған 2015 жылғы бауырының қолы сынған.
Екеуі де облыстық балалар ауруханасы жеткізіді. Алайда 7 жасар қыз ауыр дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.
— Қазір тергеу аяқталуға жақын. Тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Содан соң қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Ал көз жұмған қыздың әкесі Айдос Сабыров ескерткіштің дұрыс бекітілмегеніне кінәлілер жазаланғанын қалайды.
— Қылмыстық іс ескерткішті орнатқан мердігерге қатысты қозғалды. Ал сол кезде ескерткішті орнатуға, ашылуына жауапты болғандар да жауап беруі қажет, — дейді Айдос Сабыров.
Еске сала кетейік, былтыр Атырауда үстіне ескерткіш құлаған 7 жасар қыз қайтыс болғанын жазған едік.