Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған

0
613

Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел, нәрестені шұңқырға тастай салған.


Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған

ERNUR.KZ. Атырау облысы Индер ауданында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен, деп жазады Stan.kz.

Қылмыс 3 қазан күні болған. Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел, нәрестені шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алды.

“Ауруханаға жеткен кезде ауыр хәлде болды. Денесі суықтап қалған. Дәрігерлер аман алып қалды. Анасы да табылып, аудандық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.