Кеше мұнайлы өлкеде коронавирустан 2 адам қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Атырауда көпшілік жиналатын алаңдар мен саябақтар қайта жабылды. Бүгін қаланың бас санитарлық дәрігері карантин тәртібін күшейту туралы шешім шығарды, деп жазады 24.kz.
Он күннен кейін елде кинотеатрлар ашылу керек еді. Бірақ Атырауда олардың жұмысы әзір басталмайтын болды. Сондай-ақ, өңірде спорт сарайлары мен мәдени ошақтарды іске қосу кейінге шегерілді.
Кеше мұнайлы өлкеде коронавирустан 2 адам қайтыс болған. Қазір аймақта індет жұқтырғандар да көбейіп барады. Өткен тәулікте 10 адам анықталды. Қазір індеттің ілмегіне ілінгендердің жалпы саны 1 185 адамға жетті.
"Күн сайынғы мониторинг нәтижесі бойынша ауру көрсеткіші 2 %тен 7% артқаны байқалып отыр. Оған карантин ережесі алынған 1 маусымнан бастап тұрғындардың көшеге көптеп шығулары себеп болған. Осыған орай бүгіннен бастап саябқатар мен үлкен жиындарға арналған алаңдарға баруға шектеу қойылады" - Қаламқас Аманжолова, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы.