Атырауда қолында құрылғысы бар адам экологтарды аяғынан тік тұрғызды

0
914

Қоғам белсендісінің видеодағы құрылғысында ауадағы көмірсутегі қалдығының көрсеткіші текше метріне 148 миллиграмнан асатындығын көрсеткен.


Атырауда қолында құрылғысы бар адам экологтарды аяғынан тік тұрғызды

ERNUR.KZ. Арман Хайруллиннің Facebook-ке жүктеген видеосынан кейін кейін Атырау облысының Экология департаменті мен "Қазгидромет" РМК-ның өңірдегі бөлімі ауаны бірлесіп өлшеп, оған жауап берді, деп жазады Zakon.kz.

Айта кетсек, жергілікті қоғам белсендісінің видеодағы құрылғысында ауадағы көмірсутегі қалдығының көрсеткіші текше метріне 148 миллиграмнан асатындығын көрсеткен. Ол мұны Құрманғазы көшесі бойындағы жанар-жағармай құю стансасы жанында тіркеген.
- Әлеуметтік желіде 2019 жылдың 19 қазанында, яғни өткен сенбі күні сағат 10-20 уақытында жарияланған видеодан кейін, сол күні "Қазгидромет" РМК-ның бөлім қызметкерлері Атырау облысының Экология департаментімен бірлесіп, ауа сапасын өлшеді. Оның қорытындысы бойынша ауаны ластаушы заттардың артық концентрациясы байқалмады, - деп хабарлады Қазгидромет.
Сондай-ақ, Қазгидромет өздерінің жұмыс күндері көлік құралдарынан ластаушы заттар көп мөлшерде бөлініп шығуы ықтимал, жанар-жағармай май құю станциясы мен автотұраққа жақын жерде (шамамен 5 метр) зерттеу жүргізгендерін баса атап өтті.
- Сондай-ақ, 2 минутқа созылатын видеода құрылғыдағы көрсеткіш 1,5 минут ішінде 148 мг / м3-ден 120 мг/ м3-ге кілт өзгергенін көруге болады. Ауаны өлшейтін кез-келген автоматты құралды қолданғанда, оны пайдалану нұсқаулығына сәйкес уақытта ұстап тұру керек (20 минутқа дейін). Мысалы, дене температурасын өлшеуге арналған термометрді бірден жұлып алмайсыз ғой, - дейді компаниядағылар.
Атырау облысының Экология департаменті мен Қазгидрометтің өңірдегі өкілдігі Хайруллинмен 23 қазанда бетпе-бет кездесіп, ауа сапасының ластану деңгейін анықтау үшін бірігіп өлшем жүргізуге уағдаласты.