Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды

0
1 090

Атырауда жаңа туған қызды аязды күні далаға тастап кеткен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты.


Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды

ERNUR.KZ. Бүгін полицейлер Атырауда жасырын босанып, нәрестені далаға тастап кеткен әйелдің кім екенін анықтап, ұстады. Полицейлер ұсталған келіншектің 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екенін хабарлады, деп жазды sputniknews.kz.

Бойжеткен босанғанын жасыру үшін Атырауға келген секілді. Нәресте үйде туған, содан кейін анасы оны далаға алып шыққан.

Оқиға 15 қаңтар күні таңертең болды. "Авангард-3" шағын ауданында қала тұрғыны жаңа туған баланы тауып алған. Әйел сәбиді үйіне апарып, жедел жәрдем шақырған. Бала қатты тоңып қалған.

Кейінірек сол күні туған күні болған Атырау ауруханасының реаниматолог дәрігері Ғалым Ембергенов сәбиге Ұлдана деп атқа қойғаны белгілі болды.