114 шағын қалтаға салынған насыбай тәркіленді.
ERNUR.KZ. Атырауда дүкенде заңсыз сатып келген Өзбекстан азаматы ұсталды. Полицейлер заңсыз тауарды тәркіледі. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өңірлік ПД мәліметінше, 102 арнасына дүкенде насыбай сатылып жатқаны туралы анонимді хабарлама түскен.
«Атырау қалалық полиция басқармасы №1 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Шыңғыс Мұсаев Азаттық даңғылында орналасқан дүкенге барып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде Өзбекстан Республикасы азаматының заңсыз насыбай өнімін сақтап, сатқаны анықталды. Дүкеннен 114 шағын қалтаға салынған насыбай тәркіленді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазір аталған дерекке қатысты тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.