Баланы іздеуге полиция мен волонтерлер жаппай жұмылдырылған.
ERNUR.KZ. Атырауда жоғалған 1,5 жастағы баланың денесі үй жанындағы септиктен табылды, деп жазады zakon.kz.
Үйдің жанындағы септиктен баланың мәйіті табылды ... Иманда Болсын! - деп жазды "Атырау су Арнасы" АҚ-тың баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.
Бала іздеуге ат салысқан белсенді Олжас Сұлтанов баланың қараусыз жатқан ескі септиктегі қоқыстар арасынан табылғанын айтты. Ол тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Еске сала кетсек, 20 мамырда түстен кейін 1,5 жасар сәби үйден шығып, із-түссіз жоғалған. Баланың есімі Әли еді, ол оң аяғынан ақсап жүретін. Баланы іздеуге полиция мен волонтерлер жаппай жұмылдырылды.