Ол 3 жарым жылға шартты түрде сотталды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Атырау қаласының №2 соты оны «адамдарды алдау арқылы бірнеше рет ірі мөлшерде ақша жымқырды» деп айыптады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оған қатысты қылмыстық іс ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша қаралды.
Ресми мәліметке сәйкес, Жаңбырбаев 2022, 2024, 2025 жылдары әр түрлі қызметтер ұсынып, 12 адамның сеніміне кіріп, олардың 13 миллион 361 мың теңгесін иемденген.
Ол IT курс өткізу, бұғатталған әлеуметтік желілерді ашу, «Jetu» такси қосымшасы жобасына салынған ақшаны көбейту, тұрақты пайда табу тәсілін үйрету, инвестор болу арқылы табыс табу, тауар жеткізіп беру, интернет алаяқтарға алданып аударған ақшаны қайтарып беру, әлеуметтік желідегі аккаунтты бұғаттан шығарып беруді ұсынып, елді алдаған.
«Атарулық хакер» өз кінәсін мойындады. Ол жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалдың 10 миллион 392 мың теңгесін өтеген.
Сот оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.
2026 жылғы 01 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының №329-VIII Заңының 2-бабы 3) тармағының 1) тармақшасы негізінде, тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы төрттен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Нұрлан Жаңбырбаев Атырауда қайын жұртын қырып тастап, Индонезияға қашқан Сұлтан Сәрсемәлиев туралы ақпарат берген соң, желіде танылған болатын.


