Ақтөбе облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, күн райының бұзылуына байланысты 3 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысы
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1.«Самара-Шымкент» автожолының 526-710 шақырымы. Атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Құршасай ауылының аралығындағы учаске.
Автокөліктің барлық түрлері үшін:
2. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымы, яғни Қандыағаш пен Шалқар қалаларының аралығындағы учаске.
3.«Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180 шақырымы, яғни Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаске.
4.«Ақтөбе-РФ шек.» автожолының 39-136 шақырымы, яғни Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
5.«Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39 шақырым аралығындағы учаске.
6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 12-100 шақырымы, яғни Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларының аралығындағы учаске.
7.«Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 180-250 шақырымы, яғни Шұбарқұдық және Қарауылкелді ауылдарының аралығындағы учаске.
8.«Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымы, яғни Белогорка ауылы мен КЭШИ айырығы аралығындағы учаске.
Батыс Қазақстан облысы
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, яғни Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алматы облысында
Көліктің барлық түріне:
1. «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырым аралығы, яғни Көктума станциясы – Достық станциясы аралығындағы учаске (жолды «Автодор» НС» реконструкциялауда).