Аудандық прокуратура қызметкері парамен ұсталды

0
1 371

Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін ақы алмақ болған.


Аудандық прокуратура қызметкері парамен ұсталды

ERNUR.KZ. 2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін ақы алмақ болған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.