Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00° солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км», - деп жазды «СОМЭ» ЖШС.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.