Ауыл халқы көлік жүргізу емтиханын онлайн тапсыруы мүмкін

0
339

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев шынымен де қазір ауылдағы халық жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін облыс орталығына сабылып жүргенін атап өтті.


Ауыл халқы көлік жүргізу емтиханын онлайн тапсыруы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева жүргізуші куәлігін рәсімдеу Ішкі істер министрлігінен Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігіне өткеннен бері облыс орталығынан қашық жатқан елді мекен тұрғындарының емтихан тапсыруы қиындап кеткенін мәселе етіп көтерді, деп жазады inform.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев бұл мәселені шешу үшін аталған емтихандарды онлайн қабылдаудың тәсілдері әзірленіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл жердегі ең негізгі мәселе онлайн емтихан тапсырушының әрбір әрекетін қабылдаушы тараптың онлайн жүйе арқылы толық көріп отыра алуына тіреліп тұр.

«Бүгінде біз прокторинг тәсілін қолдану арқылы онлайн тестілеуді қолданысқа енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Мұндай тетіктер АҚШ-та, Ұлыбритания мен Аустралияда бар. Бұл өте сезімтал мәселе болғандықтан мұқият пысықтау керек. Қазір ІТ-компаниялармен бірге computer vision деп аталатын бақылау жүйесін енгізудің жолдарын қарап жатырмыз», - деді министр.

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев шынымен де қазір ауылдағы халық жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін облыс орталығына сабылып жүргенін атап өтті.

«Бұл жерде бізге аудандық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын онлайн емтихан өткізуге беретін қондырғылармен жарақтау керек деп ойлаймын», - деді ол.