Министрдің айтуынша, мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін қайта қарау керек.
фото: Sputnik / Александр Гальперин
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Такиев "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша алған ақшаны қазақстандықтар мүлдем басқа мақсатқа жұмсағанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңгеге алған несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға емес, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға жұмсаған.
"Бірқатар жағдайда инвестициялық жобаларды дамытуға берілген кредиттер түпкі мақсатқа жетпей жұмсалған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында 2 млрд теңгеге мал мен тиісті жабдықтар сатып алынбаған", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін қайта қарау керек. Қаржыны нақты өндірілген өнім үшін беру қажет.