Павлодарда 33 жастағы келіншек бір жасар баласын аязда далаға тастап кеткен болатын.
ERNUR.KZ. Павлодарда анасы аязда далаға тастап кеткен бір жасар баланы әжесі алып кетті, деп жазады stan.kz.
«Бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында емделді. Ол 28 қарашада қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Оған аздап суық тиген болатын. Бала біраз уақыт стационарда ем-дом алды. Баланы ресми құжаттарын көрсетіп, әжесі алып кетті», – делінген ведомство хабарламасында.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері атап өткендей, бұған дейін баланы балалар үйіне жіберу мәселесі қарастырылған екен.
Еске салсақ, павлодардық полицейлер сәбиін көшеге тастап кеткен 33 жастағы ананы ұстаған болатын. Ол 26 қараша күні сағат 20:40-та полицияға «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығында 8-9 айлық баласын тастап, кетіп қалған. Екі сағаттан астам уақытқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін қолға түскен көкек-ана кінәсін мойындап, баласын әдейі тастап кеткенін айтқан.
Кәмелетке толмаған 9 және 1,2 жастағы екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйел ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлап, Тараз қаласынан Павлодарға арнайы келген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 119-бабы, 1-бөлігі «қауіп-қатерде қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, баласынан безген қатыгез әйелдің тағдырын сот шешеді.