Азаматтардың төлқұжаттағы өз суреті неліктен өздеріне ұнамайды?

0
1 333

​Азаматтардың жеке куәлік, төлқұжаттағы суреттеріне көңілі толмайтыны жиі байқалады.


Азаматтардың төлқұжаттағы өз суреті неліктен өздеріне ұнамайды?

ERNUR.KZ. Мұның басты себебі, халыққа қызмет көрсету орталығында суретке түсіру кезінде дұрыс фокус таңдалмауында, деп жазады exk.kz.

"Қазіргі төлқұжаттағы фото ешкімге ұнамайтыны анық. Суретке түсірудің қатып қалған ережесі бар. Порттер 85 немесе әрі кетсе 100 милиметрде түсіріледі. Түсіру нысаны фотоаппараттан 24 миллиметрден де алысырақ тұру керек. Сол кезде адамның түр сұлбасы анық көрінеді. Ал қысқа фокус панорамаларды, пейзаждарды түсіруге арналған. Қысқа фокустағы портрет (24-36 милиметр)", — деп жазды Facebook қолданушысы Ерлан Оспанов.

Пікір жазған әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі пост авторымен келіскен. Олар төлқұжаттағы сурет көп жағдайда өзгеретінін айтқан. Тіпті, кейбіреулер төлқұжаттағы суреттерін көрсетуге ұялады екен.

Осы ретте кәсіби фотограф Валерий Қалиевтің пікірін білген едік.

"Менде жазба авторымен келісемін. Өйткені ол жерде кәсіби фотографтар емес. Тіпті, базалық білімдері де жоқ. Мысалы, автоөкөлік жүргізу куәлігін алуға барсаңыз да осы жағдай. Орта параметр қояды да түсіре салады. Қысқа фокуспен төлқұжатқа фото түсірген дұрыс емес. Портретке сәйкес келмейді", ­ — дейді Валерий Қалиев.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарушы директоры Байрам Азизовтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды құжаттандыру үшін қолданылатын камераларды Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-өндірістік орталығы қамтамасыз етеді екен. Сондықтан фотосуреттің сапасы мен параметрлеріне, форматына қойылатын барлық талап осы құжатта көрсетілген. Камера істен шықса да, осы орталық қызметкерлері жөндеп береді.

"Ал халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тек суретке түсіреді және планшетте клиенттің қолтаңбасын қабылдайды. Сосын деректі ақпараттық жүйеге енгізеді", - дейді Байрам Азизов.