Қазақстандағы көпшілік жиналатын ғимараттардағы кемшіліктерге 18 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

0
1 310

Тексерілген объектілерде 15 мыңнан астам (15 153) бұзушылық анықталды.


Қазақстандағы көпшілік жиналатын ғимараттардағы кемшіліктерге 18 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

2018 жылғы 14 мамырда ҚР ІІМ ТЖК-де ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен өткен брифингте адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексерулер қорытындылары мен 2018 жылғы өрт қауіпті маусымға әзірлік мәселесі айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық қорғау органдары 2018 жылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай жиналатын сауда объектілерінің (жалпы ауданы 1500-ден бастап) өртке қарсы жай-күйін тексеруді жүзеге асырды.
Тексерілген объектілерде 15 мыңнан астам (15 153) бұзушылық анықталды. 23 объектіде бұзушылық болған жоқ.

Барлық кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұл сомасы 18 млн. теңгеден астам. Объектілер басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді (жоюды бақылау мерзімі мамыр-шілде айлары). Объектілерде 2-ден 20-ға дейінгі бұзушылық анықталды.
Тексерулер нәтижелері туралы толық ақпаратты сіздер Төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан ала аласыздар. «ТЕКСЕРУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ» рубрикасы ашылған, ол ағымдағы жылғы 9 сәуірден бастап тексерулер нәтижелері бойынша материалдармен (актілермен) толықтырылып отырады.

Сипатты бұзушылықтар:
Бұзушылықтар эвакуациялау жолдарын пайдалануға байланысты, соның ішінде қосалқы есіктердің жабық болуы, есіктердің эвакуация жолы бойынша ашылмауы, эвакуация жолдарында және баспалдақ марштарының астында бутиктердің орналасуы, эвакуациялау жолдарын көрсеткіштердің болмауы және т.б.

Электр жабдықтарын дұрыс монтаждамау, электр сымдарының оқшаулау кедергісіне ревизия жүргізілмейді.

Автоматтандырылған өрт дабылының және құлақтандыру жүйесінің жарамсыз күйде болу фактілері.

Қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша нұқсаулықтан немесе өрт-техникалық минимумнан өткізбестен жұмыс істеуге рұқсат беру.

Өртке қарсы суман қамтамасыз ету ревизиясы жүргізілмейді, алғашқы өрт сөндіру құралдары не жарамсыз, не жеткіліксіз.
Көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгерту, саудаға арналмаған үй-жайларды қайта жабдықтау.

Сондай-ақ, тексерулер барысында персоналмен, күзет құрылымымен және объектіге келушілермен міндетті түрде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулықтар және өрт жағдайындағы іс-қимылдар бойынша машықтанулар өткізіледі. Бүгінде 41 мыңнан астам адам (41 539) оқытылды.

Бұдан өзге, ірі сауда объектілерінде өрт сөндіру қызметтері 494 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Ашықтық пен объектілікті қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне кәсіпкерлер палатасының, қоғамдастықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері тартылады.

Адамдар жаппай жиналатын объектілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ тиісті Жол картасын әзірледі және келісу рәсімінен өтуде. Жол картасында мына мәселелерді қарау көзделді:
- мемлекеттік бақылауды қатаңдату (мысалы, қайта ұйымдастырылған объектілер бойынша мәселені шешу);
- қоғамдық бақылауды күшейту (мысалы, ҰКП опонент болып табылатын Тұтынушылар құқықтарын қорғау лигасын құру бастамасы);
- құрылыс нормалары мен қағидалар жиынтықтарын қайта қарау
(мысалы, балалар ойын-сауық алаңдарын орналастыруды, үй-жайларды өртке қарсы кедергілермен бөлуді, түтінге қарсы қорғау шараларын және т.б. регламенттеу);
- тіршілік әрекеті негіздерін оқыту жүйесін қайта қарау.
Өңірлердің халқы мен аумағына үлкен қауіп төндіретін табиғи (орман және дала) өрттер болып табылады.

Жыл сайын республикада орта есеппен 4 мың табиғи өрт пен жану болады, жанып кеткен жалпы аудан 300 мың га дейін жетеді, өрттен келген нұқсан 120 млн. теңгеден асады. Орман өртінің шамамен 80%-ы адамның кінәсінен болады.

Бұл ретте, өртке оранған алаң 7 мың га асатын, материалдық шығын 90 млн. теңгені құрайтын орташа есеппен алғанда 400 өрт республиканың мемлекеттік орман қоры аумағына тура келеді.
Орман өрттерімен бір мезгілде алаңы 180 мың га асатын 3,5 мың дала өрттері мен жанулары жойылдады.

ТЖК егіс науқаны кезеңінде Республиканың орман-дала алаптарында өрт қауыіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала шаралар қатарын жасауда. Табиғи өрттердің алдын алу және ден қою бойынша шаралар қабылдау мақсатында ІІМ мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен 2018 жылғы өрт қауіпті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Елдегі өрт қауіпті жағдайдың асқыну жағдайына шұғыл ден қою тәртібін анықтау мақсатында аймақаралық сипаттағы орман-дала өрттерін жоятын Үкіметтік жоспар түзетілді.

Осы жоспарға сәйкес жағдайдың шиеленісуі кезінде ірі өрт аймағына барлығы 30 мыңнан аса адам және әр түрлі мақсаттағы 5,8 мың бірлік техника, оның ішінде 497 автоцистерналар, су ағызатын құрылғыларымен 17 вертолеттер, 47 өрт поездар, 581 өрт мотопамптар тартылды.

Орман-дала алаптарында Күнделікті патрульдеу үшін өрт қауіпті кезеңнің бсынан бастап мемлекеттік өрттік тексеру, жергілікті полицей қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері санынан мобильді топтар құрылған.

ТЖК аумақтық бөлімшелері орман-дала алаптарында өрттердің профилактикасы аясында 4,5 мыңнан аса адамды қамти отырып, 243 нұсқама, 75 жиын және 42 дөңгелек үстел (ауылшаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен, халықпен) сондай-ақ 25 бірлескен оқу-жаттығу өткізді.

Осы дөңгелек үстелдер барысында шаруа қожалықтарының басшыларына егіс және жинау науқанын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы ақпарат жеткізілді: қорғау минералдандырылған жолақтар құру, ұшқын сөндірумен жабдықталмаған техниканың алқапқа жібермеу, өртке қарсы ерікті құрылымдарды құрудың қажеттілігі.