Бағдаршамның сары түсіне өткендер емтихан тапсырады

0
451

Егер емтиханды тапсыра алмаған жағдайда 6 айға жүргізуші куәлігі тоқтатылады.


Бағдаршамның сары түсіне өткендер емтихан тапсырады

ERNUR.KZ. Көлікпен бағдаршамның сары түсіне өтсеңіз, жүргізуші куәлігінен айырылуыңыз мүмкін. Айыппұлы да қомақты, деп жазады 24kz.

Астаналықтар қазір сары түске тоқтауға дағдыланған. Мамандардың айтуынша, нәтиже де бар.

Бағдаршамның сары түсіне бірнеше мәрте өткен жүргізушілер емтихан тапсырады. Ал емтиханнан құласа, куәлікпен қош айтысады. Бұдан бөлек, 55 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс.
"Егер де бір жылда екінші рет осындай әкімшілік құқықбұқзушылық жасайтын жағдайда ол азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабы 2-бөлімімен жауапкершілікке тартылады. 15 айлық есептік көрсеткіш түрінде және де жүргізушіні жол жүру ережесі білімін тексеру нәтижесінде емтиханға жолдайды. Егер емтиханды тапсыра алмаған жағдайда 6 айға жүргізуші куәлігі тоқтатылады", - дейді Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоқжұманов.
Оның айтуынша, бағдаршамның сары түсіне айыппұл рәсімделгеннен бастап оң нәтижесін беріп жатыр. Наурыз айынан бастап енгізген уақыттан қазіргі таңға дейін ондай себептермен екі ғана, екі жол-көлік оқиғасы ғана тіркеліп, екі адам дене жарақатын алды. Ал бұған дейін, яғни, сары түсті кіргізбей тұрғанға дейін былтыр 23 болатын, 23 жол-көлік оқиғасы болып, 23 адам дене жарақатын алған.
Қазір Астанада 13 мыңнан аса "Сергек" камерасы бар. Наурыз айынан бері 18 мыңнан астам ереже бұзу дерегін анықтады. Бұл айыппұлдардың жалпы сомасы 300 млн теңгеден асады.