Байбек: "әл-Фараби - көлік жарыстыратын жол емес"

0
1 090

Жылдамдық мөлшерін сағатына 60 шақырымға дейін өзгерту арқылы жол-көлік оқиғасы деректері 2,7 пайызға қысқарды.


Байбек:

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде әл-Фараби даңғылының бойында жылдамдық мөлшерін 80-нен 60-қа түсіру шарасының нәтижесіне тоқталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Әл-Фараби даңғылы - басқалардан өзгешелігі жоқ, бұл жылдамдық тас жолы емес, бар болғаны қала орталығындағы көшелердің бірі. Жылдамдық мөлшерін сағатына 60 шақырымға дейін өзгерту арқылы жол-көлік оқиғасы деректері 2,7 пайызға қысқарды", - деді Байбек.

Оның айтуынша, бұл мәліметтер дұрыс шешім қабылданғанының дәлелі екен.

"Бұрындары біреулер жылдамдықты асырып, бір қатардан екіншісіне ауысып, жылдам қозғалып бара жатырмын деп ойлайтын болса, ол бар болғаны 2-3 минут үнемдейді. Бүгінде біз сараптама жүргізіп жатырмыз, барлығы бір баппен қозғалады, ешкім газ баспайды, тоқтамайды, түтін де аз, әлдеқайда жылдам қозғалады. Жүріп, жүріп, бір қысқа жерде тұрып қалу - мұндай жоқ. Барлығы тура, тұрақты трафик. Қауырт кезде барлығы жұмысқа асыққан уақытта орташа жылдамдық - сағатына 23 шақырым, яғни сағатына 60 шақырыммен жүру үшін, жүре бересің, жүре бересің", - деді Байбек.

"Бұл кімге ыңғайсыз? Кешкі немесе демалыс күндері көлікті "басатындар" үшін. Кім көлігін тексеріп көргісі келеді, қала сыртына шықсын, Қапшағай тас жолы немесе басқа да жолдар бар. Жол апатының құрбандары сіздерге ешкім болмаса да, ол біреудің туысы, баласы, танысы болып келеді. Бұл үлкен қайғы. Жолдағы өлім санын азайту - басты мақсат", - деді әкім.