Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты

0
196

Биыл наурызда кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды.


Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты

Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

ERNUR.KZ. Алматы полициясы Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеуді тоқтатты, деп жазады tengrinews.kz.

"Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс шеңберінде соталды тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты - еск.)", - деп жауап берді Алматы Полиция департаменті.

Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекіткені айтылған.

Еске салайық, биыл наурызда кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тараған еді. Онда Бақыт Ибрагим өзіне қол салғаны жазылған. Кейін полиция бұл деректі растады.

Айта кетейік, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те "қаржы жымқырды" деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір - Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.