Балабақшалар ашылады – үкімет түсініктеме берді

0
847

Ірі сауда орталықтарының ашылуы әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады.


Балабақшалар ашылады – үкімет түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қандай нысандардың ашылатынын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ", – деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт.

"Қазіргі кезде ірі сауда орталықтарына қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Әзірше, ондай нысандар ашылмайды. Бұл мәселе әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады. Көпшілік шараларға тыйым салынған", – деп атап көрсетті Тоғжанов.