Балаға 3 жасқа дейін теледидар көруге болмайды - «Balapan» телеарнасының басшысы

0
1 762

​"Balapan" телеарнасының директоры М.Жұмабай өз көрермендеріне маңызды бір ережені ұмытпау қажеттігін жеткізді.


Балаға 3 жасқа дейін теледидар көруге болмайды - «Balapan» телеарнасының басшысы

ERNUR.KZ. "Balapan" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай өз көрермендеріне кеңес берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Арна басшысы "QAZAQFORUM - 2018" конференциясының алғашқы сессиясына қатысып, қазақ тілді контентті дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды. М.Жұмабай өз көрермендеріне маңызды бір ережені ұмытпау қажеттігін жеткізді.

"Бұл жерде журналистер отыр ғой. Өтініш, мына бір ақпаратты xалыққа таратсаңыздар. Балаға 3 жасқа дейін телеарна көруге болмайды. 3 жастан 7 жасқа дейін 20-30 минут қана, 7 жастан 12 жасқа дейін 30-50 минуттың арасында, ал 12 жастан жоғары балаға бір сағатқа рұқсат етіледі. Бұны өте қатты қадағалау қажет. Себебі оның зардабы үлкен болады", - деді М.Жұмабай.

Айта кетейік, бүгін Астанада Астанада қазақ тілді контентті дамытуға арналған "QAZFORUM - 2018" конференциясы басталды. Іс-шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты. Оның айтуынша, қазақ тілді контенттің саны артып келеді. Ендігі мақсат - сол контенттің сапасын көтеру.

"Бүгінде қазақ тілді сайттардың саны да, салмағы да артып келеді. Уақыт талабына сай өз аудиториясын қалыптастырған бәсекеге бейім қазақ тілді порталдардың қарасы көбейіп жатыр. Осы қарқын жалғасса, біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өседі", - деді Д.Абаев.