Балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
1 601

35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Үшінші мамырда түнде Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінің тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны туралы арыз-шағым түскен, деп жазады sn.kz.

«Бұл қылмыс Алатау ауданының полиция басқармасында тексеріліп жатыр. Полицияға балалардың бірінің анасы өткен түнде шағымданған. Бұл дерек ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады»,-делінген Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instragam-парақшасында Алматы балабақшаларының бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққанын дәлелдейтін бейнежазба жүктеп, қатігез тәрбиешілердің азаймай тұрғанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.