Балаларын қалдырып, өзі тойлап кеткен: Павлодарлық әйел жауапкершілікке тартылды

0
166

Екі бірдей баланың бірнеше күн бойы қараусыз қалғаны туралы полицияға тұрғыннын көршісі хабарлаған.


Балаларын қалдырып, өзі тойлап кеткен: Павлодарлық әйел жауапкершілікке тартылды

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Павлодарлық әйел ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Белгілі болғандай, ол балаларын қараусыз қалдырып, өзі демалысқа кеткен, деп жазады zakon.kz.

Екі бірдей баланың бірнеше күн бойы қараусыз қалғаны туралы полицияға тұрғыннын көршісі хабарлаған. Бүлдіршіндердің жасы – 9 және 11-де.

Хабар түсе салысымен учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция тобы жедел түрде аталған мекенжайға жетті. Анықталғандай, балалар расында да үйде жалғыз болған. Ал аналары болса, еңбек демалысын таныстарымен бірге атап өтіп, ұл-қызын үйде қараусыз қалдырған.

"Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында олар арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталыққа уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы мен психоэмоционалдық күйі мамандардың бақылауында", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Кейін балаларының анасы да табылды. Тексеру нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде екені анықталды. Балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әйел жауапкершілікке тартылып, оның ісі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.