​Балаларын терезеден лақтырған: дәрігер тірі қалған жеткіншектің жағдайы туралы айтты

0
207

30 шілде күні Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен.


​Балаларын терезеден лақтырған: дәрігер тірі қалған жеткіншектің жағдайы туралы айтты

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген жеткіншектің бірі – 7 жасар ұл баланың жамбас сүйегі сынған. Қазір ол уақытын қатаң түрде төсек режимінде өткізіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Онымен бірге туыстарының бірі стационарда жатқаны хабарланды.

– Науқас травматологиялық бөлімшеде орналасқан. Жамбас сүйегінің сынуына байланысты қатаң төсек режимі сақталып отыр. Жағдайы орташа ауыр деңгейде, тұрақты, - деп хабарлады өңірлік балалар ауруханасынан.
Павлодар қалалық №1 ауруханасы ер баланың анасының жағдайы тұрақты, ауырлықтың орташа дәрежесінде екенін жеткізді. Оны политравма бөлімшесіне ауыстырған.
Еске сала кетейік, 30 шілде күні Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен.
Кейін әйел мен екі баласының терезеден құлауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал 1 тамыз күні биіктіктен құлаған балалардың бірі көз жұмды.