Баланы бөтен елде қалдырған: Air Astana 10 жасар баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

0
168

Белгілі қазақстандық адвокат Данильхан Шағатаев 10 жасар қазақстандық Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалуға мәжбүр болған оқиға туралы айтқан.


Баланы бөтен елде қалдырған: Air Astana 10 жасар баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Ulysmedia/ЖИ

ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы 10 жасар баланың Түркия әуежайында екі күн жалғыз қалып қойғанына байланысты түсініктеме берді, деп жазады ulysmedia.kz.

Әуе компаниясы депортация туралы шешімді қабылдаушы елдің миграциялық қызметі қабылдайтынын мәлімдеді. Баланы ұстау жағдайын да Түркияның миграциялық қызметі анықтаған.

– Өз тарапымыздан, әуе компаниясы баланы күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етіп, психологиялық қолдау көрсетті. Сондай-ақ жағдайды тезірек шешу үшін Қазақстан Республикасының консулдығы және Түркияның миграциялық қызметімен тұрақты байланыста болды.
Бұл жағдайда әуе компаниясы миграциялық қызметтің нұсқауын орындауға міндетті болды, солай жасалды: бала ең жақын тікелей рейспен Қазақстанға қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті қолданылды. 25 желтоқсан күні, екі күннен кейін, бала жаңа билет бойынша қайтадан Түркияға «сүйемелдеусіз жолаушы» ретінде ұшып кетті, – делінген хабарламада.

Белгілі қазақстандық адвокат Данильхан Шағатаев 10 жасар қазақстандық Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалуға мәжбүр болған оқиға туралы айтқан. Адвокат паспорт жоғалған бала депортацияға арналған арнайы бөлмеде екі күн бойы жалғыз болғанын, оған әуе компаниясының өкілдері көмектеспегенін жеткізген.