Балмұздақ таяқшасымен үгітіледі: Оралда сапасыз асфальт екінші рет төселді

0
770

Жаңа асфальт қарапайым балмұздақ таяқшасымен үгітіліп қалады.


Балмұздақ таяқшасымен үгітіледі: Оралда сапасыз асфальт екінші рет төселді

ERNUR.KZ. Оралда билік өкілдері әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Роликте облыс орталығының тұрғыны Зачаган кентіндегі Гринько көшесінің жөндеу жұмыстарының сапасына наразылық білдіреді. Жаңа асфальт қарапайым балмұздақ таяқшасымен үгітіліп қалады.

Ауыл әкімдігі мердігер компания жөндеу жұмыстарын қайта жүргізгенін хабарлады.




"Абаттандыру бөлімінің мамандары ақаулықтар бойынша акт толтырылып, қазіргі таңда төселген асфальт қайта кесіліп, техникалық сипаттамасы бойынша жаңадан жөнделді", - деп мәлімдеді Зачаган кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин.


Мердігерлік ұйымның директорымен мұндай жағдайларды болдырмау жайында әңгіме жүргізілді. Айта кетейік, Зачаган кентінің 15 көшесіне жөндеу жұмыстарына 33 миллион теңге бөлінген.


"Асфальт қалдықтарымен шұңқырды толтырдық. Қазір ол қатая бастады. Жұмыс арнайы техниканың көмегімен жүзеге асырылды", - деді мердігер ұйымның директоры Руслан Төлеуғалиев.