Балуан Шолақтың ғашығына арнап ескерткіш қойылды

0
1 395

Ескерткіштің жалпы құны 4 миллион 200 мың теңгені құрады.


Балуан Шолақтың ғашығына арнап ескерткіш қойылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Ғалия Тілеуқызына ескерткіш ашылды. Ғалия - атақты Балуан Шолақтың ғашығы, деп жазады Stan.kz.

Ғалияның кіші інісі Төлеутай Мұқатай махаббат символы ретінде ескерткіш қоюға шешім қабылдап, оны салуға өз қаражатынан миллион теңге бөлді. Ғалияның басқа елде тұратын туыстары бұл идеяға қолдау білдіріп, қаржылай көмектескен. Құрылысы 2019 жылдың мамыр айында басталған ескерткіштің жалпы құны 4 миллион 200 мың теңгені құрады.

"Бүгін біз Жаңаарқаның қасиетті жерінде тағы бір ескерткіш ашудамыз. Бұл - "Ғалия" әнінің кейіпкері Ғалия Тілеуқызының ескерткіші. Бұл жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында салынып, біздің өлкемізге ажар беріп тұр. Өзінің әпкесі Ғалияны дәріптеген Қалыбек руының ұрпақтарына үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деді әкім орынбасары.

Ғалия Жаңаарқа ауданындағы Қалыбек руынан Ақмолда тілеу есімді бай адамның бірінші әйелінен туған. Ерте жаста ол Біржанмен атастырылып қойылған. Үйленген соң бір шаңырақ астында тұра алмай, ажырасып кетеді.

Ғалия Қараөткелде қымызбен сатып жүргенде Балуан Шолақпен танысады. Осылайша олардың махаббат тарихы басталады. Бірін-бірі шын сүйген ғашықтар үйленгісі келгенімен, Балуан Шолаққа жала жабылып түрмеге түседі. Сүйгенімен бір бола алмаған Балуан Шолақ ғашығына арнап "Ғалия" деген ән шығарады.