Көшенің салтанатты ашылауы болды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсыноваға елорданың сол жағалауында көшеу атауы берілді, деп жазады Елорда Инфо.
Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.
«Бүгін міне қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңызда өткір, ол мәселені тігінен айтатын кісі. Сонау Кеңес заманының өзінде апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін, бүгін көше атауынан бөлек біраз шараларды өткізу жоспарлануда», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен көшенің салтанатты ашылу рәсімінде.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары салтанатты шарадан соң ақынның зиратына барып құран бағышталатынын айтты.
Айтулы шараға жазушылар, қоғам қайраткерлі мен ақынның жақын туыстары қатысты.