Бас прокуратура қаңтарда қаза тапқандар саны жөніндегі қауесетке жауап берді

0
519

Бас прокуратура Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.


Бас прокуратура қаңтарда қаза тапқандар саны жөніндегі қауесетке жауап берді

ERNUR.KZ. 14 желтоқсанда өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде қаңтар қасіреті кезінде қаза болғандар санының күмәнді екені туралы ақпарат тарағанын атап өтті, деп жазады zakon.kz.

"Тергеу органдары әрбір өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді. Қайтыс болғандардың саны жөніндегі деректер нақты, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер аясында қайта тексерілді".Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратура Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз".Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі