Әсет Шындалиев қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты.
ERNUR.KZ. Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шахтинскідегі төтенше жағдайды тексеру бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қолданылатынын айтты, деп жазады zakon.kz.
Әсет Шындалиев қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты.
"Тергеу жүріп жатыр, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қолданылады. Кім жазаланатынын әзірге айта алмаймын", - деді Әсет Шындалиев.
3 қарашада шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 5 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды.