Бас прокурор: шабуыл жасағандарға қарсы оқ президент бұйрық бергенге дейін атылды

0
673

Берік Асылов заң нормасына сәйкес полицейлердің ешқандай бұйрықты күтпей-ақ оқ ата алатынын қосып өтті.


Бас прокурор: шабуыл жасағандарға қарсы оқ президент бұйрық бергенге дейін атылды

ERNUR.KZ. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде шабуыл жасағандарға қарсы оқ президент бұйрық бергенге дейін атылғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Бұл жерде мен 5 қаңтарда сағат 16.00 шамасында полиция Президент резиденциясын қорғау кезінде, әкімдік пен өзге де ғимараттарға шабуыл кезінде, яғни тәртіпсіздіктер күш көрсету фазасына өткен соң атыс қарулары қолданылды. Кейін қаланы қарулы содырлардан тазарту кезінде оқ атылды. Айта кетері, шабуылшыларға қарсы оқ президент мәлімдемесіне дейін-ақ атылған. Бұған қатысты дау қоғам пікірін әдейі бұрып отыр", - деді ол.

Берік Асылов заң нормасына сәйкес полицейлердің ешқандай бұйрықты күтпей-ақ оқ ата алатынын қосып өтті.