Бас санитар кейбір балаларға карантин кезінде далаға шығуға рұқсат берді

0
873

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың рұқсатымен карантин кезінде көшеге шығуға болатындар тізімі кеңейтілді.


Бас санитар кейбір балаларға карантин кезінде далаға шығуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Аутизмге шалдыққан балаларға карантин кезінде бір немесе екі адаммен бірге далаға шығуға рұқсат берілді. Олар адам жоқ жерде жүріп, барлық алдын алу шараларын сақтауы тиіс, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Autism Kazakhstan қауымдастығы Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетоваға жүгінді. Олар дамуында ерекшеліктері бар балаларға үйде отыру қиынға соғатынын, енгізілген режимге байланысты дамуында елеулі өзгерістер байқалғанын жазған.
"Аутизмге шалдыққан балалардың даму ерекшелігін ескере отырып, олардың көшеге шығуына рұқсат беруге болады деп санаймын", – деді Есмағамбетова.
Бұл ретте мынадай шарттар орындалуы тиіс:
жанында екі адам ғана ілесіп жүруі керек;
басқа адамдармен байланысқа түсуіне болмайды;
адам жоқ жерде жүруі керек;
жеке қорғану құралдарын, антисептиктерді және т.б. пайдалануы қажет.
Көшеге жеке автокөлікпен шығуға рұқсат жоқ.
Баланы ертіп жүрген азаматтың қолында оның диагнозын растайтын құжаты болуы тиіс.
Ата-аналарға және баланы ертіп жүрушілерге құжатта көрсетілген ережелерді сақтау жауапкершілігі жүктеледі.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілді, ол сәуір айының соңына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бірқатар қалада адамдардың үйден шығуына қатаң тыйым салынды. Тек қана, дүкен, дәріхана мен және шұғыл медициналық көмек алуға рұқсат етілген.