Басына темір құлап қайтыс болған әйелдің қызы әділдік іздейді

0
608

​Қазан айының соңында Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің төбесінен темір конструкция әйелдің үстіне құлап түскен еді. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген әйел екі айдан кейін көз жұмды.


Басына темір құлап қайтыс болған әйелдің қызы әділдік іздейді

ERNUR.KZ. Енді қайтыс болған әйелдің қызы әділдік іздеп, әлеуметтік желіге пост жариялады, деп жазады Экспресс К.

Қаза болған Гаухар Ахметжанова 56 жаста еді. Ол екі баланы жалғыз өзі өсірген. Сәулетші болып жұмыс істеген әйел ел астанасы мен Қазақстанның басқа қалаларының келбетін көркейтуге үлкен үлес қосқан. Бұдан бөлек ол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы болып шықты.

Оның қызының айтуынша, анасының өліміне құрылыс нормаларын елемеу себеп болған. Қазір қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстар істегені үшін қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеудің барынша принципті болуын сұраймын. Бұл іске үстірт қарауға болмайды. Темір конструкциясы теріс немесе мүлдем бекітілмеген деген желеумен "қайдағы жоқ бір Вася ағайды" жазалай салуға болмайды", - делінген хабарламада.

instagram.com/zhu.boo


Оның жазуынша, барлығы тек дұрыс бекітілмеген конструкцияға байланысты емес. Ол жерде темірдің дизайн жобасында, материалдар мен құрылымдық ерекшеліктерді есептеуде қателіктер болуы мүмкін.

ЭК бұған дейін жазғандай, қайғылы оқиға биыл 22 қазанда болды. Елордалық "Номад" тұрғын үй кешенінің шатырынан әйелге темір құрылым құлап кеткен еді.