БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның жетеуі – республикалық, үшеуі – облыстық маңызы бар жолдар.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 10 жол бөлігі жабық тұр, деп жазады kaz.inform.kz
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның жетеуі – республикалық, үшеуі – облыстық маңызы бар жолдар.
Атап айтқанда, республикалық Самара-Шымкент (195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы), Орал – Тасқала - РФ шекарасы (4-104 км, Орал - Ресей шекарасы), Атырау - Орал (492-375 км, Орал - Чапаев), Чапаев – Жалпақтал - Казталов - РФ шекарасы (0-213 км, Чапаев-Казталов), Казталов –Жәнібек - РФ шекарасы (0-158 км, Казталов - Жәнібек), Подстепный - Теректі - РФ шекарасы (0-36 км, Подстепный-Теректі) және Самара - Шымкент (264-392 км, Подстепный - Жымпиты) жолында қозғалыс шектелген.
Сондай-ақ облыстық маңызы бар Теректі - Ақсай (0-82 км, Теректі - Ақсай), Тасқала – Аққурай - Болашақ (0-157 км, Тасқала-Болашақ), Подстепный – Теректі - РФ шекарасы (36-108 км, Теректі - РФ шекарасы жолдары жабылған.
Жабылу себебі – көктайғақ, тұман, қатты жел, жаңбыр.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға алыс жолдарға шықпау керектігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда екі жол апатынан 4 адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Батыс Қазақстанда республикалық жолда қозғалыс шектелді.