Бұдан бұрын БҚО-да Ақтөбе бағытындағы жолдың барлық көлік түрлері үшін жабылған болатын.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты республикалық жол жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 21 ақпан күні жергілікті сағат 09.10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала автожолында (4-72 км, Оралдан Тасқала ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылу себебі – жолдың көрінбеуі, тұман.
БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жарияланғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Ақтөбе бағытындағы жолдың барлық көлік түрлері үшін жабылғанын жазған болатынбыз.