Белгілі қазақ балуаны ұсталды

0
356

Күзембаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері.


Белгілі қазақ балуаны ұсталды

ERNUR.KZ. Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп жазады ulysmedia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".

– Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, - делінген хабарламада.

Күзембаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері.