Әсел Артакшинова бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы жариялады.
ERNUR.KZ. Белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинованың жеке парақшасын бұзды, деп жазады Zakon.kz.
Әсел Артакшинова бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы жариялады.
Facebook-ке Instagram арқылы жазып отырмын! Өкінішке қарай, белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова
Ол Facebook-тің бас кеңсесіне хат жолданғанын атап өтті.
Осыған орай Facebook желісіндегі ақпараттарды Instagram арқылы өз парақшамда және Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жеке парақшасында жариялайтын боламыз.Әсел Артакшинова
Бұдан бөлек, ресми ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында және Instagram, Telegram әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.