Бес айлық сәби сырға жұтып қойды

0
2 139

Дәрігерлер эндоскопиялық жолмен баланың асқазанынан сырғаны алды.


Бес айлық сәби сырға жұтып қойды

ERNUR.KZ. Алматылық дәрігерлер 5 айлық баланы құтқарып қалды. Бала 20 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп жазады Stan.kz.

Рентген түсірілімінде баланың асқазанына әлдебір зат байқалды. Оның сырға екені белгілі болды.

Дәрігерлер эндоскопиялық жолмен баланың асқазанынан сырғаны алды. Қазір баланың жағдайы жақсы. Тыныс алып жатыр. Дер кезінде келген көмектің нәтижесінде баланы аман алып қалды. Баланың асқазаны жараланып, қанап үлгерген жоқ.

«Кішкентай заттарды, тиындар, мен түйме, түйреуіш, зергерлік бұйымдарды балалардың көзіне көрсетпеңіз. 5 жасына дейін балалар осындай затты жұтып қояды», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.