Бес қалада 311 млн теңгені декларацияламай шетелге әкетіп бара жатқан адамдар ұсталды

0
533

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.


Бес қалада 311 млн теңгені декларацияламай шетелге әкетіп бара жатқан адамдар ұсталды

ERNUR.KZ. Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті, деп жазады ҚазАқпарат.

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреті бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтау және декларациялау қажеттігін еске салады.