«Бесеуі қыз, қалғандары ұл бала»: Алматыда уланған оқушылардың саны көбейіп жатыр

0
211

​Бұл туралы депутат Динара Зәкиева хабарлады.


«Бесеуі қыз, қалғандары ұл бала»: Алматыда уланған оқушылардың саны көбейіп жатыр

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыдағы физика-математикалық мектептің оқушылары астан уланып, ауруханаға түскен еді. Депутат, бұрынғы бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ауруханаға барып, жағдайды өз көзімен көрген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зәкиеваның айтуынша, жаңа ғана ауруханаға тағы үш бала түскен. Олардың бәрі аймақ-аймақтан келіп, мектептің жатақханасында жатып оқитын балалар.

«Алматы қаласында тамақтан уланып, ауруханаға түскен балалардың көңілін сұрадым. 43-і ұл бала, бесеуі қыз бала. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді», - деп жазған Зәкиева әлеуметтік желісіне.

Оның айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Олардың бәрі аймақ-аймақтан келген, жатақханада тұратын оқушылар екен.