19 тамыз, сейсенбіде Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің қақпасы маңында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен.
фото: tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Тамызда Абай облысының Бестерек ауылында болған қайғылы жол апатынан кейін комада жатқан қыз көз жұмды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Бала шамамен бір ай комада жатқан.
"Қызды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтті. Ата-анасының өтініші бойынша өзге ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Оқиға қалай болған?
19 тамыз, сейсенбіде Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің қақпасы маңында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен. Екі бала оқиға орнында, тағы бірі медициналық мекемеге барар жолда қаза тапты. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Үржар ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама кезінде оның мас болмағаны анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды.