Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
фото: Акимат Акмолинской области
ERNUR.KZ. Бестөбе кентінде шахтаға заңсыз түскен тағы бір адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай бүгін болған. Полиция адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі кезде терегу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, биыл Бестөбе шахталарында бірнеше адам қаза тапқан. Мамыр айында екі ер адамның үстіне кен құлаған. Екеуі де қаза тапты. Оған дейін шахтаға заңсыз түскен ақтөбелік тамаққа қақалып өлген.
Наурыз айында шахтада күзет қызметінің денесі табылған.


