Бестөбедегі "Новая" шахтасынан ер адамның мәйіті табылды

0
80

Қылмыстық іс қозғалды.


Бестөбедегі

Фото: kaztag.kz

ERNUR.KZ. "Қазақалтын" кәсіпорнына қарасты Бестөбе кентіндегі "Новая" шахтасына заңсыз кірген ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Қаза тапқан азамат Степногор қаласының 35 жастағы тұрғыны, жұмыссыз ретінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам күзетілетін нысан аумағына рұқсатсыз кірген.

"Бестөбе кентіндегі “Новая” шахтасының 610-шы горизонты деңгейінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары басталды.

ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі (күзетілетін нысанға заңсыз кіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.