БҒМ: Білім беру гранттарын бөлу процесіне ешкім араласа алмайды

0
986

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦА​РКА) өкілдері білім гранттаын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды.


БҒМ: Білім беру гранттарын бөлу процесіне ешкім араласа алмайды

Білім гранттарын бөлу процесіне бөгде адамдар араласа алмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім гранттаын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижесі бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтыны анықталды.

Аталған тексеру грант бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, грант бөлу туралы деректер тізім жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланғанға дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады.

Орталық мамандары тізім жасауға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді.

Анықтама үшін. ЦАРКА - компьютерлік инциденттерге әрекет ететін жеке қазақстандық орталық. Орталық қызметінің негізгі бағыттары - мемлекеттік органдарға, квази-мемлекеттік сектор ұйымдарына, жеке кәсіпорындарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу және практикалық көмек көрсету, Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және талдау болып табылады. Бұдан басқа, Орталық Қазақстан Республикасының аумағында зиянды бағдарламалар мен желілік шабуылдардың таралуына байланысты инциденттердің жеке тәуелсіз мониторингін жүзеге асырады.