Бір ай бұрын жоғалып кеткен Орал тұрғыны өлі табылды

0
316

"Адам өлтірді" деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бір ай бұрын жоғалып кеткен Орал тұрғыны өлі табылды

ERNUR.KZ. 27 маусымда жоғалып кеткен Орал қаласының тұрғыны Жеткерген Жамбулов өлі табылды. Полицейлердің мәліметінше, 21 жастағы жігітті біреулер өлтіріп кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, жігіт "Строитель" шағынауданындағы үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Жігіттің туыстары полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастады, бірақ Жеткергенді таба алмады.

"Адам өлтірді" деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылған болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды.