Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік шығарылған.
© Photo : Ұлттық статистика бюросы
ERNUR.KZ. Қазақстанда жеңіл автокөліктердің өндірісі бір жылдың ішінде 38 процентке артты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл 2025 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артық.
"Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4 пайызға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5 пайызға көп", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде Қазақстанда 12 кәсіпорын автокөлік шығарады. Басым бөлігі Алматы қаласы (50,5%) мен Қостанай облысында (49,5%) өндіріледі.
Биыл тоғыз айдың ішінде автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,67 трлн теңгеге жетті.


