Тұрғындар қаланың үстінен бірнеше рет айналып өткен тікұшақты көрген.
ERNUR.KZ. Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты, деп жазады Stan.kz.
Қаланың үстінен бірнеше рет айналып өткен тікұшақты көрген тұрғындар әуеден бір зат шашып жүр деп дүрлікті.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласында қазан айының 9-23 күндері аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөліктерді жұмылдыру арқылы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға, сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген ведомствоның хабарламасында