Біреуі – ұрған, қалғандары қарап тұрған: Астанада төбелескен оқушылардың бәрі ұсталды

0
65

​Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған


Біреуі – ұрған, қалғандары қарап тұрған: Астанада төбелескен оқушылардың бәрі ұсталды

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде жерде жатқан бір баланы бір ұлдың ұрып жатқаны, ал айналасындағы оқушылар видеоға түсіріп, қарап тұрғанына қатысты видео тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Астана қаласында орын алған жағдайға байланысты мынаны хабарлаймыз: оқиғаға қатысқан жасөспірімдердің бәрі анықталды. Қоғамдық орында бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлайды министрлік.

Дереккөз төбелесіп жатқан қай мектептің оқушылары екенін хабарлаған жоқ. Бірақ, олар мектеп ішіндегі есепке алынғаны белгілі болды.